2020 жылдың тоғыз айында концерн жалпы әлемнің 88 еліне 128,9 млн. еуроға өнім экспорттады, бұл 2019 жылдың тоғыз айына қарағанда 29,4 млн. еуроға немесе 29%-ке көп.
Гриндекс АҚ Басқарма төрағасы Хим. ғыл. д-ры Юрис Хмельницкис: «Гриндекс Концерні осы жылдың тоғыз айында сенімді жұмыс істеп, жағдайға икемді түрде бейімделді, сондықтан ол фармация индустриясының орташа даму қарқынынан асып түсетін пайда мен айналымның өсіміне қол жеткізді. Күрделі жаһандық жағдайлар мен Covid-19 әсері Гриндекс концернінің командасына керемет нәтижелерге қол жеткізуге түрткі болды. Гриндекстің Калцекс еншілес кәсіпорнының қызметі назар аударуға тұрарлық. Өзінің 100 жылдық мерейтойында кәсіпорын Еуропалық Одақ елдерінде тамаша жетістіктерімен қуантады. Қол жеткізілген нәтижелер Гриндекс концернінің болашақ мүмкіндіктеріне сенімділік береді».
2020 жылдың тоғыз айында Гриндекс дайын дәрі-дәрмектерін сату көлемі 126,9 млн. еуроны құрады және 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 28,7 млн. еуроға немесе 29%-ке өсті.
2020 жылдың тоғыз айында Ресейде, ТМД-ның басқа елдерінде және Грузияда дайын дәрі-дәрмекті сату көлемі 62,4 млн. еуроға жетті, бұл 2019 жылдың тоғыз айына қарағанда 1,0 млн. еуроға немесе 2%-ке көп. 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда, 2020 жылдың тоғыз айында сату көлемінің айтарлықтай өсімі – Өзбекстанда 30%-ке, Грузияда 23%-ке, Әзірбайжанда 16%-ке, Украинада 7%-ке жетті.
Концерннің дайын дәрі түрлерін Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Норвегия елдерінде сату көлемі 2020 жылдың тоғыз айында 58,0 млн. еуроға жетті, бұл 2019 жылдың тоғыз айына қарағанда 23,7 млн. еуроға немесе 69%-ке көп. 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда, 2020 жылдың тоғыз айында сату көлемі Бельгияда 751 есе, Испанияда 81 есе, Дания мен Нидерландтарда 6 есе, Финляндияда 5 есе, Чехияда 50%-ке, Латвияда 42%-ке, Францияда 28%-ке және Эстонияда 23%-ке өсті. Бельгия мен Испаниядағы сатылымдардың жоғары нәтижелеріне Гриндекстің Калцекс еншілес кәсіпорнының қарқынды жұмысы мен Еуропалық Одақ елдерінде бизнесті дамытуға ықпал ету арқылы қол жеткізілді.
2020 жылдың тоғыз айында белсенді фармацевтикалық заттарды сату көлемі 9,5 млн. еуроны құрады, бұл 2019 жылдың тоғыз айына қарағанда 3,1 млн. еуроға немесе 47%-ке көп. Гриндекстің белсенді фармацевтикалық құралдарының ең үлкен экспорты ЕО, АҚШ, Жапония және Канада елдеріне жүзеге асырылды.
2020 жылдың тоғыз айында ауруханалар сегментіне арналған дәрі-дәрмектерге мамандандырылған Гриндекстің Калцекс АҚ еншілес кәсіпорны экспорттық елдердің санын көбейту және жаңа өнімдерді ендіру арқылы сатылым көлемінің қарқынды өсуіне қол жеткізді. Калцекс өнімдері 2020 жылдың тоғыз айында 31,7 млн. еуро көлемінде сатылды, бұл 2019 жылдың тоғыз айына қарағанда 23,5 млн. еуроға немесе 3,9 есе көп. Калцекс дәрі-дәрмектері 2020 жылдың тоғыз айында 55 елге экспортталды, ал негізгі өткізу нарықтары Испания, Бельгия, Израиль, Италия және Франция болды.
Осы жылы Калцекс АҚ Еуропалық Одақтың 21 елінде инъекцияларды тіркеу үшін жеті жаңа өнімді, соның ішінде Дексаметазон фосфатының 4 мг/мл ерітіндісін ұсынды. Адамдарға арналған Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (CHMP) зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бұл дәрі-дәрмек короновирус тудырған COVID-19 ауруына шалдыққан оттегі терапиясын қажет ететін пациенттерді емдеуге арналған.