Медицинада қолданылуы

Б.д.д. XXV ғасырда Ежелгі Египетте де күмістің антимикробтық қасиеттерін байқаған. Әскери жорыққа аттанған мысырлықтар өздерімен бірге міндетті түрде жұқа күміс табақшалар алып жүрген. Оларды іріңдеп кетпес үшін және тез жазылуы үшін жараның бетіне басқан екен.

Үндістан тұрғындары күмісті асқазан-ішек жолы ауруларын емдеу үшін қолданған. Олар ол үшін өте жұқа етіп жаймаланған күміс түйірлерін жұтқан, ол өте жұмсақ болғандықтан асқазан-ішектің шырышты қабығын зақымдамай, ол жердегі патогендік микрофлораны жойған.

XVI-XVII ғасырларда голландиялық және франциялық ятрохимиктер Ян-Баптист ван Гельмонт пен Франциск Сильвий металды азот қышқылына батыру арқылы күміс нитратын алған. Олар аз концентрацияда бұл заттың жараларды және жарылған абсцестерді зарарсыздандыратынын анықтады.

Металдың өзі емес, иондары

Күмістің таңғажайып қасиеттері ғалымдарға маза берер емес. Мұны ХІХ ғасырдың аяғында алғаш ғылыми негіздеуге ниет қылғандардың бірі -неміс ботанигі Карл Вильгельм фон Негели. Оның пікірінше, микроағзалармен өзара әрекеттесіп, оларды құртатын асыл металдың өзі емес, оның аса кішкентай бөлшектері — суда ерітілген олигостар (грек тілінде «олигос» –іздер, шағын бөлік). Ол бұл құбылысты олигодинамия (яғни «іздердің әсері») деп атады.

Ботаниктің олигос деп атаған бөлшектері бүгінгі ғылым тілінде иондар деп аталады. Қазіргі ғалымдар дәлелдегендей, күміс иондары бактерицидтік, вирусқа қарсы қасиеттерге, саңырауқұлақшаларға қарсы және антисептикалық айқын әсерге ие және адам ағзасына түскен кезде инфекция тудыратын патогендік микроағзаларға қатысты тиімділігі жоғары зарарсыздандырғыш құрал болып табылады.

Бактерияларды күміс препараттармен жою әсері аса жоғары. Ол сондай концентрациядағы карболол қышқылынан 1750 есе және сулема әсерінен 3,5 есе күштірек. Күмістің диссоциацияланған (яғни иондарға ыдырауға қабілетті) қосылыстарының ауыз суды зарарсыздандырудағы антимикробтық қасиеттерін зерттеуге кеңес дәуірінің химик- академигі Л.А. Кульский көп үлес қосты.

Алғаш рет күміс қосылыстарының антисептикалық әсері 1943 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында госпитальдарда жараларды өңдеу үшін тиімді антисептиктермен қамтылу жағдайы нашарлаған кезде сипатталды.
1973 жылдан бастап күміс сульфадиазині АҚШ клиникаларында кең әсерлі антимикробтық құрал ретінде қолданылып келеді. Бүгінде инфекция түскен жараларды емдеу және олардың жазылуын жақсарту үшін күміс иондары қосылған жергілікті препараттар қолданылады.

Чем обуславливается антимикробный эффект

1. Оң қуатталған күміс иондарын теріс қуатталған бактерия жасушалары сіңіріп алған кезде олардың арасында электр-статикалық кернеу пайда болады. Өзара әрекеттесу нәтижесінде нуклеин қышқылдары ауыр металдармен кешендер түзіп, соның салдарынан ДНК бактериялардың тұрақтылығы бұзылады.

2. Күміс иондарымен өзара әрекеттескен кезде жасуша ішінде бос радикалдар саны ұлғайып, олар жасуша ішіндегі оттегі концентрациясын төмендетеді.

3. Күміс иондары Nа+ және Cа++ трансмембраналық тасымалдануын тосқауылдайды.
Осылайша күміс иондары патогеннің қорғанышы болып саналатын жасушалық қабықшасына енеді. Жасуша мүлдем жойылмағанымен, оның кейбір функциялары бұзылады, мысалы, бөлінуі (бактериостатикалық әсері). Микроб жасушасының бетіне сіңіп кеткен күміс жасушаның ішіне өтіп, тыныс алу тізбегінің ферменттеріне тосқауыл қояды, сонымен қатар микроб жасушаларындағы тотығу және тотығып фосфорлану процестеріне кедергі жасап, нәтижесінде жасушалар өледі.

Резистенттілікті туындатпайды


Күміс қосылыстары кең әсерлі ауқымға ие. Олар 260 түрлі патогендік микробтарды, вирустар мен саңырауқұлақшаларды, әсіресе ең мардымсыз концентрацияда да (0,01 мг/л) жоюға қабілетті. Салыстыра кетсек, әдетте антибиотиктің микроағзалардың алты түріне қарсы әсері болады. Бұл ретте патогендер антибиотиктермен салыстырғанда күміс қосылған препараттарға үйреніп кете алмайды.

Автор: Екатерина Северьянова

Ақпарат көзі «ФМ. Фармация и Медицина» № 10–11, 2020