2020 жылдың бірінші тоқсанында пайданың азаюы логистикаға жұмсалатын шығындардың күрт ұлғаюымен және ресей рублінің бағамының құлдырауымен байланысты. 2020 жылдың сәуірінде ресей рублін біртіндеп қалыптандырудың оң тенденциясы байқалды, кәсіпорынның 4 айдағы қызметінің нәтижелері рубльдің құлдырауына байланысты туындаған шығындардың қайтарылғанын дәлелдеді.

2020 жылдың бірінші тоқсанында концерннің өндірген өнімдері әлемнің 63 еліне экспортталып, жалпы алғанда 40,3 млн евроны құрады, бұл 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 12,4 млн евро немесе 45%-ға артық.
Химия ғыл.докторы, Гриндекс АҚ басқармасының төрағасы Юрис Хмельницкис: «Бұл жылдың бірінші тоқсаны әдеттегіден гөрі күрделі жағдайларда өтті. Жаһандық төтенше жағдай және Covid-19 вирусының таралуын шектеу шаралары бизнес ортасындағы, соның ішінде фармацевтика саласындағы күрт өзгерістерге алып келді. Жағдайдың минут сайын құбылуына байланысты шұғыл шешімдерді қабылдауға мәжбүр еткен күндер де болды. Бұл орайда өте жақсы жұмыстар атқарылды –Гриндекс концерні ойдағыдай жұмыстар жүргізіп, сұраныстарға сай жедел әрекетке көшіп, айналымын айтарлықтай ұлғайта алды».

Гриндекс дайын дәрілерді сату көлемі 2020 жылдың бірінші тоқсанында 40,1 млн евроны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,5 млн евро немесе 46%-ға ұлғайған. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Ресейде, ТМД басқа елдерінде және Грузияда дайын дәрілерді сату көлемі 21,6 млн евроға жетті, бұл 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 7,1 млн евро немесе 49%-ға артық. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2020 жылдың ұқсас кезеңінде Ресей мен Түркіменстанда сату көлемі екі есеге көбейді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында сату көлемі айтарлықтай өсіп, Грузияда 64%-ға, Қазақстанда 13%-ға және Өзбекстанда 7%-ға артқан.
2020 жылдың бірінші тоқсанында Еуропалық Одақ елдерінде, Ұлыбритания мен Норвегияда дайын дәрілік пішіндерді сату көлемі 17,7 млн евроға жетті, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7 млн евро немесе 48%-ға артық. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың бірінші тоқсанында сату көлемі Данияда 8 есе, Чехияда 5 есе, Нидерланд пен Финляндияда 2 есе, Венгрияда 83%-ға, Эстонияда – 40%-ға, Ұлыбританияда 39%-ға ұлғайған.

2020 жылдың бірінші тоқсанында белсенді фармацевтикалық заттарды сату көлемі 3,0 млн евроға жетіп, 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,4 млн евро немесе 17%-ға асты. Есептік кезеңде Гриндекс белсенді фармацевтикалық заттарын өткізудің басты нарықтары ЕО елдері, АҚШ, Австралия және Сингапур болды. Гриндекстің 2020 жылдың бірінші тоқсанында ең жоғары сұранысқа ие болған белсенді фармацевтикалық заттары пимобендан, окситоцин және атипамезол болды.
2020 жылдың бірінші тоқсанында Гриндекстің еншілес кәсіпорны –ауруханалық сегмент дәрі-дәрмектеріне маманданған Калцекс АҚ сату көлемінің тез өсуіне қол жеткізді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Калцекс дәрілерді 8,5 млн евроға сатқан, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5 млн евро немесе 4 есеге өскен. 2020 жылы негізгі өткізу нарықтарына айналған елдер – Бельгия, Италия, Чехия, Дания және Германия.