Гриндекс тарихы 1946 жылы Дәрумендер мен гормондар зауытында басталып, соңынан ол тікелей интеграцияланған фармацевтикалық концернге айналды.
1946 -1956 ж.ж.
-
Мүмкіндіктерді іздеу жолында. Дәрумендер мен гормондар зауыты.
Гриндекс бастау алған 1946 жылы Тамақ өнеркәсібі министрлігі жанындағы Дәрумендер мен гормондар зауыты соңынан Эксперименттік зауытқа айналдыру үшін Латвия ғылымдар академиясының қарамағына берілді.
-
Алғашқы өнімдер.
Сол жылдары зауыт өнімдерін тағамдық концентраттар, соя соусы, итмұрын шәрбаты, сыра ашытқысы, микроэлементтер қосындысы және т.б.құрайтын. Осының бәрі Гриндекстің бүгінгі күні өндіретін тауарларының маңына да жуымайды деуге болады.
1957 -1971 ж.ж.
-
Даму жолында. Органикалық синтез институты.
1957 жылы Дәрумендер мен гормондар зауыты жаңа құрылған Органикалық синтез институтының (ОСИ) құрамына енді. Осылайша Латвия ғылымдар академиясының жанында Органикалық синтез институтының Эксперименттік зауыты пайда болды.
-
Соломон Гиллер.
Институттың негізін қалаған ЛҒА академигі, профессор Соломон Гиллердің басшылығымен (1915 – 1975) ОСИ-да синтезделген препараттардың өндірісі басталды. Зауыт ОСИ-ның іргелі зерттеулер мен өндіріске ғылыми әзірлемелер енгізу жөніндегі эксперименттік базасы ретінде дамыды.
-
Ғылыми зерттеулер мен жаңа химиялық затты ашу жолындағы алғашқы қадамдар.
50-ші жылдардың аяғынан бастап ОСИ ғалымдармен бірлесе отырып, алғашқы химиялық препараттар – фенилин, фуразолидон, фурадонин және TioTEFA өндірісі басталды. Жаңа институттың зерттеушілік бағытына сәйкес обырға қарсы препараттарды жасақтау жөнінде маңызды жұмыс басталды. Дәрілік заттарды шығарумен қатар зауыт дайын дәрілік пішіндер өндірісін қолға алуды ойластыра бастады. Химиялық цех бөлмежайларында таблеткалау учаскесі құрылды.
-
Фторафур® бастамасы
Біртіндеп жаңа синтетикалық препараттарды өндіру технологиясын жасақтауға көшу жүзеге асырылып, оларды өндіру басталды. 1964 жылы обырға қарсы препараттың белсенді заты – фторафурдың алғашқы химиялық синтезі іске асырылды. Фторафур® институт пен зауыттың ынтымақтастығынан туған сәттіліктің ең үлкен жемісі болып саналады. Синтез авторлары — Синтез авторлары – Регина Жук, Маргерс Лидака және Соломон Гиллер. Препаратты өндіру технологиясы зауытта 1966 жылы жасақталды.
-
Қарқынды өрлеу.
Алпысыншы жылдардың бірінші жартысында химиялық өнімнің жалпы көлемінің күрт бой алуы белең алды. Қазіргі таңда Гриндекстің назарында тұрған психофармакологиялық препараттарды жасақтау мен өндіру басталды.
1965 жылы зауыт органикалық синтез өнімдерінің өндірісіне көшті. Жалпы алпысыншы жылдары 30-ға жуық түрлі препараттар мен технологиялар жасақталып, сонымен қатар бұл препараттардың өндірісі қолға алынды.
Органикалық синтез зауытында 60-шы жылдардың екінші жартысында пептидтер химиясы саласындағы зерттеулер кеңейе түсті. Зерттеулер бағыттарының тармақталуына байланысты ОСИ-да Эксперименттік зауытты жетілдіріп, кеңейту қажеттілігі туындады. 1967 жылы Крустпилс көшесіндегі 53-ші жаңа корпустың құрылысы басталып, ол жерде бүгінде Гриндекстің әкімшілік-өндірістік ғимараты орналасқан.
1972 -1984 ж.ж.
-
«Iskra Industry» және «Taiho Pharmaceuticals» Жапония компанияларымен ынтымақтастың іргесі қаланды
1972 жылы Iskra Industry және Taiho Pharmaceutical фармацевтикалық компанияларымен обырға қарсы фторафур препаратын жеткізу туралы алғашқы шарттар жасалды. Фторафур зауыттың атын әлемге әйгілі етті. Бүгінде бұл дәрмек сонымен қатар Грендикстің ең көп экспортталатын өнімдерінің бірі болып табылады.
-
Технологиялық үдерісті дамыту. Милдронат® синтезі
70-ші жылдардың екінші жартысында молекулалық биология және микробиология зертханаларының әзірлемелері өндіріске енгізіліп, жаңа субстанциялардың синтездері игеріле бастады. Гриндекстің бірегей препараты — Милдронаттың® синтезі басталды.
-
Жаңа зерттеулер, жаңа белестер
Сексенінші жылдардың бірінші жартысында пептидтер химиясы саласындағы зерттеулер жалғасын тауып, әлеуетті дәрілік заттарға айналуы мүмкін жаңа қосылыстардың топтарымен, психофармакологиялық препараттармен жұмыс қарыштап жүре бастады. Зауытта өндірілетін дәрілердің қатарына бірнеше жаңа препарат топтары, соның ішінде жүрек-қантамыр ауруларын емдеуге арналған топтар қосылды.
1985 -1990 ж.ж.
-
Өтпелі кезең
1985 жылы Органикалық химия институтының Эксперименттік зауытына Рига медициналық препараттар зауыты қосылды. Біріккен зауытта технологиялық зерттеулер орталығы, органикалық синтез зертханасы, технологиялық процестерді модельдеу зертханасы, талдау және стандарттау зертханасы жұмыстарының өрістері кеңейтілді. Біріккен зауыттың басшысы ретінде ОСИ директорының орынбасары Валдис Якобсонс тағайындалды (2007 жылдан бері Гриндекс АҚ басқармасының төрағасы).
-
ОСИ эксперименттік зауыты және 60 жаңа дәрі-дәрмек
Бірнеше онжылдықтар бойы ОСИ Эксперименттік зауыты бұрынғы КСРО-дағы ірі дәрілерді зерттеу орталығына айналып, сонымен бірге көптеген дәрі-дәрмек топтарының өндірушісі атанды. Сексенінші жылдары бұрынғы КСРО-дағы әр төртінші жаңа медициналық препарат ЛҒА ОСИ-да жасалып, оның Эксперименттік зауытында әзірленді. Барлығы 60-қа жуық жаңа препарат жасақталды, оның ішінде 17-сі бірегей және патенттелген болып табылады.
1991 -2005 ж.ж.
-
Жаңа мемлекет. Жаңа кәсіпорын
Латвия өз мемлекеттік дербестігін қалпына келтіргеннен кейін 1991 жылы Эксперименттік зауыт іргесінде Гриндекс медициналық препараттарын зерттеу және өндіру жөніндегі латвиялық мемлекеттік фирма құрылды. Кәсіпорынға атау берген кезде латыштардан шыққан тұңғыш фармацевт, жаратылыстанушы ғалым, химик, профессор Давид Иероним Гриндельдің есімі негізге алынды.
-
Жария акционерлік қоғамның құрылуы
1997 жылы кәсіпорынды жекешелендіру ісі аяқталып, Гриндекс жария акционерлік қоғамы құрылды. Жекешелендіру барысында қоғам өзіне 6000-нан астам акционерді тартты. 1998 жылдың наурызында Гриндекс жария акционерлік қоғамы «Таллин фармацевтикалық зауытының» бақылау пакетін (55%) иеленді. Кәсіпорын акцияларының құндылануы Рига Қор биржасында 1998 жылдың 1 маусымында басталды.
-
ҰКП сертификатын алған тұңғыш латвиялық кәсіпорын.
2000 жылы Гриндекс Лайықты өндірістік практика (GMP, Good Manufacturing Practice) сертификатына ие болды. Алынған сертификат таблеткалар мен капсулалар өндірісінің халықаралық дәрілер өндірісі талаптарына сәйкестігін растайды.
Инвестициялар және кәсіпорынды жаңғырту және әрі қарай дамытудың жүйелі жұмыстары Гриндекске 2003 жылдың 12 наурызында Латвия мемлекеттік агенттігінің Лайықты өндірістік практика сертификатын алған алғашқы жергілікті дәрі өндірушісі атануға мүмкіндік берді. Осылайша мемлекет Гриндекс өндіретін өнімдердің сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес келетіндігін мойындады.
-
Сапаны қамтамасыз ету.
2001 жылы Гриндекс кәсіпорнында ISO 9001:2000 стандартының қағидаттары енгізілді. Қыркүйекте кәсіпорын ISO 14001:1996 Ортаны басқару сертификатын алып, ал қараша айында АҚШ азық-түлік және дәрілер инспекциясы окситоцин белсенді затының өндірісі мен бақылануы халықаралық стандарттарға сәйке келетіндігін растады.
-
БҰҰ Жаһандық шартына қосылу.
Қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы ниеттестігін көрсете отырып, 2002 жылы кәсіпорын БҰҰ Жаһандық шартына және “Жауапты әрекет” әлемдік химия өнеркәсібі бағдарламасына қосылды.
2006 -2015 ж.ж.
-
Кеңею және өрлеу
-
2006 жылы Гриндекстің еншілес кәсіпорны – «Namu apsaimniekošanas projekti» ЖШҚ құрылды (Гриндекс жылжымайтын мүлкін стратегиялық басқарумен айналысады).
-
2007 жылы Гриндекс кәсіпорын акцияларын сатып алып және олардың Таллин биржасындағы құндылануын тоқтатып, Таллин фармацевтикалық зауытының жалғыз иеленушісі болды.
-
2012 жылы Гриндекс 100% акцияларын сатып алу туралы HBM Pharma s.r.o. (Словакия) кәсіпорнымен шартқа отырды.
-
Бүгінде Гриндекстің филиалдары мен өкілдіктері 11 елде – Латвия, Литва, Украина, Белоруссия, Молдова, Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстанда жұмыс істеуде.
-
Өнімдерді дамыту
-
2007 жылы Гриндекс шизофренияны емдеуге арналған жаңа буынның сапалы препараты – Риспаксолды® ұсына бастады. Дәл осы жылы Гриндекс Милдронат® бірегей препаратын (инъекция және капсула пішініндегі) Қытай Халық Республикасында тіркеу туралы келісімге қол жеткізіліп, шарт жасалды. Өз кезегінде 2008 жылы Вьетнамда Милдронатты® тіркеу басталды.
-
2008 жылы әйелдердің сүт безінің обырын емдеу үшін пайдаланылатын жаңа буын дәрмегі Аксастролды® тіркеу аяқталды. Сонымен қатар екі жаңа рецептурасыз өнім –Тербитал® саңырауқұлақшаға қарсы кремі мен Бегсан® ауырсынуды басатын гель-құрал тіркелді.
-
2009 жылы Гриндекс рецептурасыз препараттар тобындағы жаңа дәрі-дәрмектерді ұсына бастады. Кәсіпорынның маңызды өнімдерінің желісін толықтырған Ремантадин-Гриндекс тұмауды емдеу үшін пайдаланылатын вирусқа қарсы дәрмек ретінде танылды. Сонымен қатар Гриндекс Миканисал® қайызғаққа қарсы емдік сусабынын, сондай-ақ уытты заттарды тиімді сіңіріп алып, оларды ағзадан шығаратын Сорбекс® гастроэнтерологиялық өнімін шығарды.
-
2009 жылы Гриндекс белсенді фармацевтикалық заттарының қоржыны жаңа белсенді фармацевтикалық зат – урсодеоксихол қышқылымен (УДХҚ) толықты, оны өт жолдарының ауруларын емдеуге арналған дайын препараттар өндірісінде пайдаланады.
-
Финляндияда дәрмектер тізімін тіркеу аяқталып, Түркияда Риспаксол® дәрмегі тіркелді..
-
2010 жылы тұрақты стенокардияны емдеу кезіндегі бірегей препарат Милдронаттың® ықпалының клиникалық зерттеулері аяқталды.
-
2015 жылы Гриндекс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына окситоцин инъекцияларын жеткізуді, Ресей мен Грузияға УДХҚ экспорттауды бастады..
-
Технологиялық даму
-
2007 жылы кәсіпорын жаңа белсенді фармацевтикалық заттарды масштабтаудың жалғыз талдамалық зертханасын ашты. Гриндекс Милдронат® субстанциясын кристаллдау учаскесін салды. Жаңа өндірістің қуаттылығы жылына 250 тоннаға жетті.
-
Кәсіпорын фармацевтикалық өнеркәсіптің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін дайын дәрілік пішіндердің жаңа өндірісін ашты. Өндіріс қуаттылығы жылына 1,5 млрд. таблетка мен 500 млн. капсуланы құрайды. Сонымен қатар сарқынды суларды өнеркәсіптік тазартуға арналған биологиялық тазарту қағидатына негізделген жаңа тазарту құрылғылары ашылды.
-
2011 жылы Гриндекс обырға қарсы дәрілер өндіретін жаңа учаскені ашты және УДХҚ белсенді фармацевтикалық затының өндірісін бастады.
-
2012 жылы компания Балтық елдерінің ішінде ең заманауи болып табылатын жақпамайлар мен гель өндірісі жөніндегі учаскені ашты.
-
2014 жылы Гриндекс Балтық елдерінің ішінде ең дамығаны болып табылатын Сапаны бақылау зертханасының жұмысына жол ашты.
-
Сапаны дамыту
-
2012 жылы Гриндекстің Ортаны бақылау жөніндегі зертханасы Латвия ұлттық аккредиттеу бюросының ISO 17025 аккредиттеу куәлігіне ие болып, Зертхананың жұмыс ортасындағы тестілерді, сондай-ақ жұмыс ортасының ауасындағы ұшқыр қосылыстарды селективті талдау жүргізуге құзыреттілігін дәлелдеді.
-
2013 жылы Гриндекс OHSAS 18001 сертификатын иеленсе, сапаны басқару жүйесіне МЕМСТ ISO 9001-2011 Ресей сертификаты берілді. Гриндекстің белсенді фармацевтикалық заттар бизнесі саласындағы америкалық кәсіпорындармен ынтымақтастығы жалғасып, дами беретінін дәлелдейтін АҚШ Азық-түлік өнімдері мен дәрілердің сапасын бақылау жөніндегі басқармасының (FDA) инспекциясы ойдағыдай өтті.
-
2015 жылы Гриндекс LVS EN ISO 50001:2012 бойынша Энергетикалық менеджмент сертификатын алды.
-
Ғылым мен білімді қолдау
-
Кәсіпорынның білімге қолдау көрсету, фармацевтика, инженерия және жаратылыстану ғылымдары сияқты салалардағы мамандары мен білім беру сапасын арттыруды ынталандыру жөніндегі жобаларын біріктіру үшін 2006 жылы Гриндекс «Ғылым мен білімді қолдау» Қорын құрды.
-
2010 жылы Гриндекс мектеп оқушылары үшін алғаш рет Мамандықтар күнін өткізді, осы шараның аясында жыл сайын 30 шәкірт таңдаулы бір маманмен бір күнін өткізе отырып, оған өзін қызықтыратын сұрақтарды қойып, кәсіпорын жұмысымен танысуға мүмкіндік алады.
-
Гриндекстің өркендеу галереясы
2006 жылы Гриндекстің 60-жылдығына орай кәсіпорынның өрлеуі мен дамуына арналған бірнеше композициялардан Гриндекс өркендеу галереясы құрылды.