"Гриндекс" АҚ тарихы 1946 жылдан бастау алады, Балтық елдерінің халықаралық, тікелей интеграцияланған фармацевтикалық кәсіпорны болып табылады.
Қызметтің негізгі бағыттары -бірегей және патенттелмеген дәрілер мен белсенді фармацевтикалық заттарды зерттеу, әзірлеу, өндіру және сату.
Гриндекс жүрек-қантамыр жүйесіне арналған препараттарды, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттарды, сондай-ақ онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған препараттарды жасауға маманданған.
Гриндекс концерніне Латвия, Эстония, Словакия және Ресейдегі 4 еншілес кәсіпорын кіреді; кәсіпорын өкілдіктері 11 елде ашылған.
Өнім әлемнің 84 еліне экспортталады және жалпы айналымның 93,3%-ын құрайды. Негізгі өткізу нарықтары -Еуропалық Одақ елдері, Ресей және ТМД басқа елдері, АҚШ, Канада, Жапония және Вьетнам.
Гриндекс акциялары Риганың NASDAQ OMX қор биржасының ресми тізімінде көрсетілген.