Алдымыздағы парақты толығымен пайдалану үшін біз cookies файлын пайдаланамыз. Біздін сайтымызды пайдалана отырып сіз cookies пайдалану шарттарымен келісетін боласыз. Көбірек білу
International
grindeks.euLatvia
grindeks.lvТаблеткалар 5 мг және 7,5 мг.
АТХ коды: C01EB17
ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.
ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН!
Рецептуралық дәрілік құрал. Денсаулық сақтау мамандарына арналған ақпарат. Дәрілік құрал туралы толық ақпаратты оның сипаттамасынан қараңыз.
Ивакард® жүректің бір минутта жиырылу жиілігін азайтып, жүректің, әсіресе миокард ұстамасы туындауы мүмкін жағдайларда оттегіге деген қажеттілігін азайтады. Осылайша IVABRADINE Grindeks стенокардия ұстамаларының санын азайтып, бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауының созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастардың жүрек қызметіне және өмір ұзақтығына жағымсыз әсері болатындықтан, жүрек жиырылуының жиілігін азайтатын IVABRADINE Grindeks ерекше әсері жүректің қызметін жақсартып, өмірді ұзартуға көмектеседі.
Келесі аурулар кезінде қолданылады:
– Созылмалы тұрақты стенокардияны симптомдық емдеу.
• ересектерде бета-адреноблокаторларға төзімсіздік немесе қолдануға қарсы көрсетілім болған жағдайда;
• бета-адреноблокаторлармен ұштастырылған түрде бета-адреноблокаторлардың оңтайлы мөлшерлемесін бақылау жеткіліксіздігі бар науқастарда.
– Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу.