Алдымыздағы парақты толығымен пайдалану үшін біз cookies файлын пайдаланамыз. Біздін сайтымызды пайдалана отырып сіз cookies пайдалану шарттарымен келісетін боласыз. Көбірек білу
International
grindeks.euLatvia
grindeks.lvқатты капсулалар 500 мг
АТХ коды: C01EB22
ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ.
ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН!
Рецептуралық дәрілік құрал. Денсаулық сақтау мамандарына арналған ақпарат. Дәрілік құрал туралы толық ақпаратты оның сипаттамасынан қараңыз.
Стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және бас миының қан тамырларының ишемиялық бұзылуы сияқты жүрек және қантамыр жүйесі ауруларын емдеуге арналған метаболизмдік әсері бар антиишемиялық препарат. Жұмысқа жарамдылық төмендегенде, сондай-ақ физикалық және психоэмоциялық күш түскенде қолдануға ұсынылады.
Келесі жағдайларда аралас терапия түрінде қолданылады:
-жүрек және қан тамырларының аурулары: тұрақты кернеулі стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA I-III функциялық класы), кардиомиопатия, жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы;
-бас миының қан айналымының өтпелі және созылмалы ишемиялық бұзылуы;
-жұмысқа жарамдылықтың төмендеуі, физикалық және психоэмоциялық артық жүктемелер;
– цереброваскулярлық зақым, бас сүйегі-ми жарақаты мен энцефалиттен кейін сауығу кезеңінде.