Концерннің 2019 жылғы айналымы 145,5 млн евроны құрады Осы кезеңде өндірілген өнім әлемнің 84 еліне экспортталып, жалпы сомасы 132,0 млн евроны құрады.
Гриндекс АҚ Басқармасының төрағасы Юрис Хмельницкис: «2019 жылды біз ойдағыдай аяқтап, 12,9 млн евро табысқа қол жеткіздік, бұл концерннің бұдан әрі дамуының кепілі болып табылады. Фармацевтикалық бизнес орта тез өзгеруде, ал фармацевтика өнеркәсібі клиенттердің қажеттіліктері барған сайын ерекшеленіп бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуде. Гриндекс концернінің науқастардың қажеттіліктерін ескере отырып, шешімдер ұсыну әлеуеті өте жоғары болып табылады. Бизнесті дамытудағы біздің стратегиялық мақсаттарымыз – фармацевтикалық индустрияның қатаң бәсекелестік жағдайларында үнемі бір қадам алда болу, сонымен қатар Еуроодақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен АҚШ-тағы біздің дәстүрлі нарықтарымыздағы орнымызды кеңейту».
Гриндекстің дайын дәрілер сату көлемі 2019 жылы 132,2 млн евроны құрады. Ресейдегі, ТМД басқа елдері мен Грузиядағы сату көлемі 2019 жылы 77,9 млн евроға жетті. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы сату көлемі артып, Беларусьта 20%-ға, Грузияда 18%-ға, Молдовада 13%-ға және Арменияда 12%-ға өсті. Еуропалық Одақ елдеріндегі дайын дәрілік құралдарды сату көлемі 2019 жылы 50,2 млн евроға жетті. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы сату көлемі Францияда 3 есе, Швеция мен Чехияда 2 есе, Венгрияда 52%-ға және Ұлыбританияда 46%-ға артты.
2019 жылы белсенді фармацевтикалық заттарды сату көлемі 8,6 млн евроға жетті. Бұл кезеңде өнім әсіресе ЕО елдеріне, Жапонияға, Австралия мен Канадаға экспортталды. Гриндекстің 2019 жылғы ең көп сұранысқа ие болған белсенді фармацевтикалық заттары дексмедетомидин, ксилазин және пимобендан болды.