Жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеулер арқылы жаңа молекуланың инфаркт аумағының өлшемін азайту және атеросклероз прогрессиясындағы, сондай-ақ глюкоза метаболизмін жақсартудағы тиімділігі дәледенді. Клиникаға дейінгі және бірінші кезеңдегі клиникалық зерттеулер өнім қауіпсіздігінің сипаттамасы жақсы екендігін көрсетті. Химия ғыл.докторы, Гриндекс АҚ басқармасының төрағасы Юрис Хмельницкис: «Бұл өте маңызды жоба Гриндекстің таяу келешекте науқастарға миокард инфарктін және жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін инновациялық препарат ұсынуға дайын екенін білдірді. Оның үстіне жаңа бірегей дәрмек латвиялық ғалымдардың дәрілерді зерттеу саласындағы қызметінің әлеуетін дәлелдейтін болады, өйткені бұл дәрмек Латвияда ойлап табылған және өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері латвиялық компаниялар жасап шығарған бірінші препарат болмақ». Клиникалық зерттеулердің 1-ші кезеңі тәжірибелі ғалымдармен, ғылыми кеңесшілермен және шетелдік келісімшарттық ұйымдармен ынтымақтастықта «Лайықты клиникалық практика» (ICH/GCP) және Еуропалық Одақтың I-IV кезеңдердегі клиникалық зерттеулері туралы нормативтік актілерге сәйкес жүргізілді. Өз кезегінде жаңа заттың химиялық және эксперименттік зерттеулерін бұдан бұрын Латвия органикалық синтез институтының зерттеушілері Гриндекс АҚ-мен бірге жүргізген болатын. Зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда жаңа бірегей эксперименттік препараттың клиникалық зерттеулерінің 2-ші кезеңін жүргізу жоспарланды. Бұл ауқымды жобаны іске асыру үшін Гриндекс АҚ фармацевтика саласынан стратегиялық серіктес тартуға ниетті. Жүрек-қантамыр аурулары Латвияда ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдегі өлім-жітімнің себептері болып табылады. 2016 жылы әлемде адам өлімінің 31%-на жүрек-қантамыр аурулары себеп болған, оның ішінде 85%-ға жуығы – инсульт және миокард инфаркті, ал үштен бірінде жасы 70-тен төмен жас тобында орын алған. Қант диабеті мен атеросклероз жүрек-қантамыр ауруларының даму қатерінің негізгі факторлары болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 2019 жылы әлемде 463 млн адамға қант диабеті диагнозы қойылған. Болжамдарға сәйкес, 2045 жылы науқастанғандар саны 700 миллионға жетеді.
Алдымыздағы парақты толығымен пайдалану үшін біз cookies файлын пайдаланамыз. Біздін сайтымызды пайдалана отырып сіз cookies пайдалану шарттарымен келісетін боласыз. Көбірек білу