Химия ғыл.докторы, Гриндекс АҚ басқармасының төрағасы Юрис Хмельницкис: «Бұл қосымшаны құру кезіндегі біздің негізгі мақсатымыз дистанциялық терапия әдістерін пайдалана отырып, дәрігер мен науқастың өзара әрекеттесуін жеңілдететін заманауи шешім табу және науқастың өмір сапасын жақсарту және медициналық қызмет көрсету стандарттарын арттыру үшін науқастарға жанашыр сервис ұсыну болатын. Сондықтан біз бұл қосымшаны жасауға Латвияның жетекші психиатрларын қатыстырдық. Қосымшаны жасауға компанияның клиникалық зерттеулер, фармакоқадағалау, АТ, коммуникациялар және маркетинг сияқты ішкі бөлімдері де атсалысты. Көптеген елдерде дәрігерлер біздің жасақтамамызды ризашылықпен және ықыласпен қабылдады. Біз, өз кезегімізде, науқасқа қашықтан мониторинг жүргізу сервистерін дамытуға өз үлесімізді қосып жүргенімізге және медициналық қауымдастыққа серіктес болғанымызға қуаныштымыз».
Бүкіл әлемде Covid-19 таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайды және науқасқа қашықтан мониторинг жүргізу сервистеріне сұраныстың жоғары екенін ескеріп, Гриндекс АҚ «Гриндекс көңіл-күй трекері» қосымшасын мүлдем тегін қылды.
«Гриндекс көңіл-күй трекері» қосымшасының жұмысы өте оңай -оны жүктеп алғаннан кейін науқас көңіл күйі мен өзге де симптомдары туралы сұрақтардан тұратын сауалнаманы толтырып, сонымен қатар қабылдаған дәрілік препараттарды белгілеп шығады. Емдеуші дәрігермен келісім бойынша науқас өзінің көңіл күйі туралы есепті белгілі бір уақыт ішінде құрып, оны дәрігеріне жібереді. Оны алған дәрігер науқастың өзін қалай сезінетіні туралы толық ақпаратты құрастырады.
«Гриндекстің көңіл-күй трекері» қосымшасы 150 елде, соның ішінде Латвияда, 8 тілде – латыш, ағылшын, орыс, эстон, румын, словак, грузин және әзірбайжан тілдерінде қолжетімді. Қосымша мына жерде қолжетімді:
*Қосымша ұсынбалық сипатта беріледі, медициналық кеңес немесе емдеу тәсілі болып саналмайды және оны дәрігердің бақылауымен пайдалану қажет. Егер қосымшада сипатталған симптомдармен немесе басқа симптомдармен бетпе-бет келсеңіз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз..